Олардың есімдерімен аталды...

Елді мекендер, көшелер, мектептер

Өскемен қ.
Семей қ.
Риддер қ.
Курчатов қ.
Абай ауданы
Аягөз ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы
Көкпекті ауданы
Күршім ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы

Өскемен қ.

Айтықов Ізғұтты

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Скалистое ауылына, көшелерге және өзі оқыған мектебіне Ізғұтты Айтыковтың есімі берілді. 1965 жылы Өскемен қ. 2-ші Набережная көшесі І. Айтықовтың атымен қайта аталды.

Астафьев Иван Михайлович

Батыр Волен неміс қаласына атой жасағанда қаза тапқан. Астафьевтың атымен өзі оқыған Усть-Таловка мектебі, сонымен бірге Өскемен қаласының бір көшесі аталған. 1986 жылы Өскемен қаласының 1-ші және 2-ші Широкая көшесі И.М. Астафьев көшесіне қайта аталды.

Қайсенов Қасым

Көше. Қасым Қайсенов – Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекі жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан.

Мехнин Федор Михайлович

1965 жылы Өскемен қаласының 4-ші Набережная көшесі Ф.М. Мехнинның атымен қайта аталды.

Мыза Владимир Иванович

1965ж. бастап Өскемен қаласындағы Кирпичная көшесі Мыза есімімен аталады.

Рощин Лев Михайлович

Соғыстан кейін Лев Михайлович Рощин өз білімі мен тәжірибесін жас авиаторларға үйретті. 1958 жылдың ақпан айында полковник Л.М.Рощин қызмет бабында міндеттерін атқарған кезде қаза тапты. 1965 жылы Өскемен қаласының 3-ші Жағалау көшесі Рощин атындағы көшесіне қайта аталды.

Тоқтаров Төлеген

1935 жылдың 8 тамызында Өскемен қалалық еңбек депутаттар кеңесі Базарный тұйық көшесі Театральный көшесіне қайта аталды. 1943 жылы Театральный көшесі Төлеген Тоқтаров атын алды. 1970 жылы геология басқармасының ғимаратында Батырға арналған мемориалдық тақта орнатылды.

Чернов Алексей Иванович

1989 жылы Жданов көшесі Кеңес Одағының Батыры, Өскемен қаласының Құрметті азаматы, А.И.Черновтың атымен қайта аталды.

Шелихов Николай Степанович

1965 жылы Мало-Кольцевая көшесі Кеңес Одағының Батыры Н.С.Шелиховтың атымен қайта аталды.