Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1916 жылы Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Подгорное ауылында дүниеге келген. 1937 жылы Хасан көлінде, 1945 жылдың қыркүйек айында Қиыр Шығыста жапон самурайларына қарсы соғысқа қатысты. Теңіз жаяу әскері 390 батальонының аға лейтенанты 1945 жылдың тамыз айында Солтүстік Кореяны (Сейсин айлағы) жапон империалистерінен азат ету кезінде ерекше көзге түсті. Жауынгерлер бірнеше тәулік бойы самурайлардың атакаларына тойтарыс берді, селт етпей, табандылық көрсетті. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 14-қыркүйектегі Жарлығымен И.М.Яроцкийге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 60і; 809қ., 1т., 198і.; 2866п қ., 3т., 415і.
Батырдың аты:
- Көкпекті ауданы Подгорное ауылы көшесі;
- Самар ауылы көшесі;
- Подгорное ауылындағы мектеп.
Кеңес Одағының Батыры, кіші лейтенант, Тынық мұхит флотының 13-ші теңіз жаяу әскерінің 390-шы батальонының автоматшылар ротасының командирі. Жапониямен соғысқа қатысушы. Ленин, I дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.