Жеңіс тылда шыңдалған

Кәсіпорындарды көшіру

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ЭВАКУАЦИЯЛАНҒАН ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ, ОҚУ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ОРНАЛАСУЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында сақтаудағы әскери құжаттар, аймақтағы орналасқан арнаулы мектептер, мәдени мекемелер, майдан жанындағы алқаптардан көшірілген кәсіпорындар туралы мәлімдейді.

1941 жылдың күзінен бастап облысқа эвакуацияланған кәсіпорындар мен мекемелер көшіріле бастады. Лениногорскіде Люберц электротехникалық зауыты ӨЖХК (үш-төрт айдан кейін жеке цехтар қорғаныс өнімін шығара бастады), Мәскеу энергетикалық институты, артиллериялық мектебі, екі госпиталь орналасты. Өскеменге Симферополь мотожөндеу зауыты көшіп келді. 1942 жылдың күзінде Орджоникидзе қаласынан «Электроцинк» зауытының жабдықталған эшелондары келе бастады. Сонымен бірге екі мыңнан аса жұмысшылар, инженерлік-техникалық қызметкерлері мен отбасы мүшелері көшіп келді. 1943 жылы, Солтүстік Кавказдан неміс-фашист басқыншыларын шығарғанына байланысты, жабдықтардың және мамандандырылған кадрлардың бөлігі қайта Орджоникидзе қаласына көшірілді. Сондықтан зауыт құрылысы созылып кетті, және жұмыс қатарына тек 1947 жылы қосылды.

«Электроцинк» зауытынан басқа, қалған өнеркәсіптер ең қысқа мерзімде іске қосылып, мекемелер бірден жұмысқа кірісті.

1941 г.
1942 г.-1943 г.

 

СЕМЕЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ЭВАКУАЦИЯЛАНҒАН ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫ, ОҚУ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МЕКЕМЕЛЕРДІ ОРНАЛАСТЫРУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

Семей облысына соғыс жүріп жатқан аудандардан эвакуацияланған өнеркәсіп орындарын қабылдау, орналастыру және іске қосу жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің шешімі бойынша Семей қаласына Харьков қ. «Большевичка Украины» тігін фабрикасы, Полтаваның жіп иіру фабрикасы, Володарский атындағы тігін фабрикасы, Киев қ. аяқ киім фабрикасы, Осташково қ. былғары зауыты, Петр Алексеев атындағы, «Пролетарий» фабрикалары мен Карело-финдық шұға фабрикасының (қондырғысының бір бөлігі) қондырғылары, Киев және Воронеж қ. жем шығаратын зауыттарының қондырғылары, Азов шұлық және аяқ киім фабрикалары орналастырылды.
Әрбір Семей қаласының тұрғыны эвакуацияланған  кәсіпорындарды уақытында қолданысқа қосуды өз міндетім деп есептеді. Мысалы, Осташково қ. былғары зауытын құрастыруға кеме жөндеу зауытының, көлік басқармасының, «Тяжеловоз» артелінің жұмысшылары мен қызметкерлері белсене қатысты. 
Рекордтық мерзімде он екінші күні Володарский атындағы тігін фабрикасы өз өнімін шығарды. «Большевичка Украины» фабрикасы белгіленген мерзімде іске қосылды. Осы фабриканың ұжымы соғыс жылдары 1,7 миллион әскери киім-кешек пен басқа да өнімнің жинағын шығарды.
Қалаға көшіріліп келген өнеркәсіп орындары іске қосылып қажетті өнім өндіруді арттырып отырды. Осы кәсіпорындардың арқасында Семей Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің орталығына  айналды. М.И.Калинин атындағы ет-консерві комбинатын есепке алғанда тамақ өнеркәсібінің  де орталығы болды. Ұлы Отан соғысы жылдары кеңес жауынгерлері   жылы киім-кешекпен, аяқ киіммен және қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілді, бұл Семей қаласы және Семей облысының еңбеккерлерінің сіңірген зор еңбегі.
1941 жылдың күзінде қалаға эвакуацияланған  кәсіпорындарды қабылдаумен бірге Ленинград қ., Сталинград, Днепропетровск, Ворошиловград облыстарының, Волга жағалауының, Грузия КСР, майдан шебі және неміс армиясы уақытша басып алған аумақтың тұрғындарын қабылдап орналастыру жұмыстары жүргізілді. Асханасы, буфеті, санитарлық өткізу орындары, медициналық пунктері бар эвакопункттер ұйымдастырылды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері 1941 жылдың маусымы мен 1944 жылдың қаңтар айына дейінгі кезеңде біздің облысымызға 31079 адам келді. Олардың 15759 адамы Семей қаласына орналастырылды.
Арнайы құрылған эвакуациялық бөлім адамдарды күтіп алуды, түсіруді, тұратын жерлеріне дейін жеткізуді қамтамасыз етті, эвакуацияланған халықты жұмысқа орналастыру мен қоныстандыру бойынша үлкен жұмыс атқарды.

1941-1942 гг.