Сайт туралы

"Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері" сайты 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу қарсаңында әзірленді.
Мақсаты: Ұлы Жеңіске елеулі үлес қосқан Шығыс Қазақстан және Семей облысының батырлары мен тыл еңбеккерлері туралы ақпарат беру. Сайт патриотизмді нығайтуға және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған.
Сайтта орналастырылған материалдарды өз уақытында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивтары, мұражайлары мен кітапханалары ұсынды. Мәліметтердің ортақ қоржынына құжаттар, фотосуреттер, майдангерлердің хаттары, мектеп шығармалары кірді.
Сайттағы ақпарат мәліметтердің түсуіне қарай жаңартылады және толықтырылады.