Беттерді парақтай отырып...
Құжаттар жинақтары
Обложка | Название | Примечание |
1941-1945жж. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған және ХХ ғасырдың ең көп қанды төккен соғысында жеңіске жеткен адамдарды еске алу үшін жас ұрпаққа жолданған кітапша. Кітапшаны құрастыру барысында Шемонаиха ауданының 1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы қатысушыларының құжаттары қолданды. Осы кітапша оқырмандарды өз өмірін Отанға және халыққа қызмет етуге арнаған Шемонаиха ауданының 1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы қатысушыларының, ардагерлердің есімдерімен таныстырады. | Осы брошюраның мәтіндерімен Шемонаиха ауданының мемлекеттік мұрағатында танысуға болады. | |
Бәрі майдан үшін!
Бәрі Жеңіс үшін!
Аңдатпа Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен ардагерлер туралы жазылған үздік материалдардың жинағы. Көпшілік оқырманға арналған. Бұл кітап Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған. Шығарылған күні 2015ж. Өскемен қ. Құрастырышы Шығыс Қазақстан облысының ардгерлер кеңесі Бердюгин Г.Л., Карелов В.В., Амренов М.К. |
Осы кітаптардың мәтіндерімен Облыстық Ардагерлер кеңесінде танысуға болады | |
Рухы күштілер
Аңдатпа Бұл жинақта Шығыс Қазақстан облысының 22 жауынгерлер туралы материалдар бар. Мұрағаттық құжаттарға сәйкес олардын қашан және қайда жерленген көрсетілген. Олардың барлығы Даңқ орденінің иегерлері. Шығарылған күні 2015ж. Өскемен қ. Құрастырышы Шығыс Қазақстан облысының ардгерлер Кеңесі Г.Л: Бердюгин, А.А.Аубакиров, А.И. Егоров |
Осы кітаптардың мәтіндерімен Облыстық Ардагерлер кеңесінде танысуға болады | |
Әлімбаев М. Хас батыр Қасым Қайсенов Қ. Қайсенов соғыс басталғаннан 1944 ж. дейін украин партизандарының қатарында соғысты, үлкен отрядтардың командирі болды. Ол бірнеше үкімет наградасының иесі. Кітап авторы Қ. Қайсеновтың өмірі мен жазушылық қызметін жатық тілмен баяндайды. |
Осы кітаптардың мәтіндерімен А.С. Пушкин кітапханасында танысуға болады | |
Боздақтар "Боздақтар" Шығыс Қазақстан облысының Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Тарбағатай және басқа аудандарынан 1941-45 жылдары Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, ауыр жарақаттан қайтыс болған, хабарсыз кеткен жауынгерлер жөніндегі қысқаша мәліметтер бар ескерткіш кітап. |
Осы кітаптардың мәтіндерімен А.С. Пушкин кітапханасында танысуға болады | |
Ерлік-дастан /1, 2 кітап/
Алғашқы күнінен Ұлы Отан соғысына аттанып, батыс шекарадан рейхстагқа дейін майдан отына қатысқан шығысқазақстандықтар туралы. Майдан мен тылды азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етуде жерлестеріміздің атқарған рөлі де ерекше. 1942 жылы Қатон-Қарағай ауданы «Шығыс Қазақстан колхознигі» танкі қорына 1 млн 30 мың сом жинады. Бұл кітапта Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан қатонқарағайлықтардың ерлік, еңбек жолдары баян етіледі. |
Осы кітаптардың мәтіндерімен А.С. Пушкин кітапханасында танысуға болады | |
Жеңіс жолында от кешкендер
Жазушы Елтай Елғонның бұл кітабы Ұлы Жеңістің 60-жылдық мерекесіне арналған. Шығармада Ұлы Отан соғысына қатысқан шығысқазақстандық жауынгерлердің ерлігі жайында баяндалған. Төлеген Тоқтаров, Ізғұтты Айтықов сияқты Кеңес Одағы Батырларының ерліктері осы уақытқа дейін көпшілік оқырман қауымға таныс емес. Олардың бойындағы шексіз Отан сүйгіштік қасиеттері, ерен ерліктері болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге. Сонымен қатар, кітап Ұлы Отан соғысына қатысып, қиян-кескі ұрысты бастарынан өткерген майдангер-ардагерлер мен ел арасында бірлік пен тыныштықты қолдаушыларға үлкен қызығушылық танытады. |
Осы кітаптардың мәтіндерімен А.С. Пушкин кітапханасында танысуға болады | |
Нұқайұлы Т. Жарқыраған қос жұлдыз
Тұрғазы Нұқайұлының ғұмырнамалық шығармасы Ұлы Жеңістің 50 жылдығына арналып жазылған. Оның басты кейіпкерлері – Ұлы Отан соғысына басынан аяғына дейін қатысушылар, бейбіт еңбек жылдарында да еңбектерімен, өнегелі істерімен ел құрметіне бөленген аяулы ардагерлер. Аға ұрпақтардың басынан өткерген өмірлері жастарымызға өнеге. |
Осы кітаптардың мәтіндерімен А.С. Пушкин кітапханасында танысуға болады | |
Отан батырларын мадақтайды
Фотоальбомға шығыстан шыққан жүз тоғыз Кеңес Одағының батырлары жайлы мәліметтер топтастырылған. Батырлар ерліктерінің өшпейтініне тарих куә. Олар адамдардың естелігінде өмір сүріп, ұрпақтан ұрпаққа жетеді және Отан үшін көрсетілетін ержүректік пен табандылықтың көрінісі. Бұл альбом біздің жерлестеріміздің аңызға айналған ерліктеріне өзіндік бір ескерткіш болып табылады және Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналып отыр. |
Осы кітаптардың мәтіндерімен А.С. Пушкин кітапханасында танысуға болады | |
Отан үшін от кешкендер
Бекен Малдыбаевтың құрастырған бұл кітабы Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасқан Аягөз өңірінің ардагерлеріне арналған. Ұлы Жеңіске Аягөздіктер де ерекше үлес қосқан. Кітапта ардагерлеріміздің ерліктері жазылған. Бұл кітаптыңҰлы Отан соғысына қатысқан Аягөздік майдангерлерді ұрпақ мәңгі есте сақтау үшін маңызы аса зор. Қашан да ерлікті құрмет тұту – қасиетті парызымыз! |
Осы кітаптардың мәтіндерімен А.С. Пушкин кітапханасында танысуға болады |