Өнеркәсіп
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДАРЫ
Отандық соғыс, барлық өнеркәсіпті батыл және тезірек әскери мәнеріне ауыстыруды талап етті, әсіресе майданның тапсырыстарын орындайтын кәсіпорындарды, Шығыс Қазақстан облысының барлық өмірі елді қорғау мүддесіне бағынады. Соғыс қарсаңында облыс аумағында 150-ден астам өнеркәсіп кәсіпорындары орналасты, солардың ішінде ірі Лениногорск қорғасын мен Ертіс мыс балқыту зауыты, Лениногор, Сокольный, Зырян, Белоусовка кен орындары, Лениногор мен Зырян байыту фабрикалары сияқты кәсіпорындар. Сирек кездесетін металдар мен алтын қазатын кәсіпорындары он екі кен басқармаларымен ұсынылған.
Рудный Алтайда түсті металлургияға басты назар аударылған. Барлық оның өнімі майданның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Қаражат, материалды, электрқуатын, жанармайды үнемдеу үшін, жергілікті шикізат және материалдық ресурстарды ісздестіріп кең пайдалану үшін батыл күрес басталды.
1941 г. | |
1942 г. |