Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.
22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:
Николай Иванович Киселев 20.12.1924 ж. Тверь облысының Новинка ауылында туған. 1934 ж. ата-анасымен бірге Ақжал мырыш кенішіне көшіп келген. Қызыл Әскер қатарына 1942 ж. тамыз айында Семей облысының Жарма аудандық Жарма аудандық әскери коммисариатымен шақырылды. Қысқа мерзімді саперлар курсына жіберіліп, бітірген соң майданға аттанды. Әрекеттегі әскерде 1943 ж. ақпан айнан бастап. Орталық, содан соң 1-ші және 4-ші Украин майдан құрамында соғысты. 1945 ж. қаңтар айында дивизия Краков бағыты бойынша соғыс жүргізіп отырды. Шабуыл тобындағы саперлер, мина алқаптарын миналардан арылтты, ұзақ уақыттық қорғану бекіністерін қоршап бұзды. Сапер батальонының 77-ші гвардия бөлімінің командиры гвардия сержант Н.Киселев бөлімімен бірге 1945 ж. 20 қаңтардан бастап 23 қаңтарға дейін Бельско-Бяла қ. солтүстік-батысқа қарай 10 шақырымда (Польша) жау қорғанысын бұзу кезінде, мина алқаптары мен сым қоршаулардан өткелдер жасап, 180 танкіге қарсы және жаяу әскерлерге қойылатын миналарды зиян келтірмейтіндей етті. 27.01.1945 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№247409). 1945 ж. ақпан айында Рыхульд елді мекеннің аймағында Висла өзенінің сағасында облған шайқаста (Струмень қ. оңтүстік-батысқа қарай 6 шақырым, Польша) дивизияның алдыңғы шептегі бөлімшелер батыс жағалауындағы шағын плацдармды басып алды. 1945 ж. 15 ақпанда жаудың контршабуылын тойтарғанда гаврдия сержанты Н.И.Киселев ауыр жарақаттанған командирын ауыстырып, взводты шабуылға көтерді. Қоян-қолтын ұрыста жеке қарудың оғымен саперлер 80-нен астам гитлершілерді жойды, оның 15 жеке Кисилев жойды. (№ 19010). 29.03.1945 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№ 19010). 1945 ж. 1 мамырға қараған түнде Одра өзенінде Витковиц пен Забржег елді мекен аймағында болған шайқаста (Чехословакия) гвардия аға сержанты Кисилев взвод қорғауын басқарды. Граната мен автомат арқылы 10-нан астам фашисттерді жойып, жаудың ату орнын талқандады. Тартыста аяғы жарақаттанса да шайқас алаңынан кетпеді. Бөлімшені басқарып жалғастыра берді, өзі жеке 6 дұшпанды жойды. Тек жау шегінгенде ғана, өзін медсанбатқа жіберуге рұқсат берді. 15.05.1946 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 05.06.1980 ж. қайтыс болды. Қостанай облысының Рудный қ. жерленген. Николая Ивановича Киселевтың аты Томск қ. Әскери Даңқ аллеясында орналасқан Жады стеласында жазылған.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатының Жарма филиалы, 237қ.,13т., 30і.
Батырдың есімімен Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы көше аталады.
Үш дәрежелі Даңқ орденінің кавалері, сержант, 70-ші атқыштар дивизиясының 77-ші жеке саперлік батальоны бөлімшесінің командирі. Орталық, 1-ші және 4-ші Украин майдандарының құрамында соғысып, Польшаны азат етуге қатысты. Қызыл Жұлдыз орденімен, "Ерлік үшін" медалімен.