Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1914 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1942 жылдың 9-маусымынан бастап 129-шы Орел атқыштар дивизиясының 457-ші атқыштар полкінің құрамында болған. Батыс, Брянск жыне 2-ші Белорус майдандарында зеңбірекшілер командирі ретінде соғысқан. Березина өзенінде болған шайқастарда аға сержант А.Бурнашев өзін ержүрек те батыл жауынгер ретінде көрсете білді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 25-қыркүйектегі Жарлығымен А.А.Бурнашевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Армия қатарынан босағаннан кейін Зырян қаласына оралды. Зырян қаласы көшелерінің біріне Батыр есімі берілген.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 10і.; 809қ., 1т., 175і.
Батырдың есімі Алтай қаласындағы бульварға берілген.
Кеңес Одағының батыры, аға сержант, 1-ші Белорус майданының 3-ші армиясының 129-шы атқыштар дивизиясының 457-ші атқыштар полкінің зеңбірек командирі. Ленин орденімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.