Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Қарақұдық ауылында дүниеге келген.
Майданда 1941 жылдан бастап 8-ші гвардиялық Қызылтулы Ленин орденді Панфилов атындағы атқыштар дивизиясының құрамында болған. Москва қаласын қорғау кезінде асқан ержүректік көрсетіп, 100-ден астам гитлершілердің көзін құртты. 1942 жылдың ақпан айында Бородино селосы үшін болған ұрыстаерекше көзге түсті, фашистердің тұтас бір взводына жалғыз өзі қарсы шықты. 1942 жылдың ақпан айындағы ұрыста қаза тапты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 30-қаңтардағы Жарлығымен Т.Тоқтаровқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Өскемен және Риддер қалаларының көшелері оның есімімен аталады. Өскемен қаласының Тоқтаров көшесіндегі үйлердің бірінде мемориалдық тақта орнатылған. Ол туралы өлеңдер мен әндер жазылған. Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында халық Батыры туралы опера қойылған.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 49і.; 809қ., 1т., 195, 405і.і.; 2866п қ., 1т., 405, 409і.і.
Батырдың аты:
- Ұлан ауданының ауылдық округі;
- улица г. Усть-Каменогорск;
- Риддер қ. көше;
- Алтай қ. көше;
- Серебрянск қаласы көшесі;
- Зайсан қаласындағы көше;
- Күршім ауданы Марқакөл, Маралды және Теректі ауылдарындағы көшелер;
- Ұлан ауданының Асубұлақ кентіндегі, Айыртау, Алмасай, Таврия, Бозанбай, Донское ауылдарындағы көшелер;
- Донское ауылындағы мектеп-балабақша.
Кеңес Одағының Батыры, 8-ші атқыштар дивизиясының 23-ші атқыштар полкінің автоматшысы. Калинин майданының 3-ші соққы армиясы Панфилов. Көзге ұрыстарда астында Новгород. Ленин орденімен марапатталған.