Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.
22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:
Петр Николаевич Борков 01.05.1919 ж. Семей облысы Бородулиха ауданының Бородулиха ауылында туған. Қызыл Әскер қатарында 1940 ж. бастап. Майданда 1942 ж. бастап. 597-ші атқыштар полкінің 120-мм миномет тобының командиры болған (207-ші атқыштар дивизиясы, 3 соққы беретін әскер, 2-ші Балтық майданы). Аға сержант Борков тобымен бірге 1944 ж. 13 шілдесінде Бахарево мен Лобово ауылдар жерінде Великая өзенінен өткен кезде (Псков облысының Опочка қ. оңтүстігіне 20 шақырым), миномет оғымен атқыштар бөлімшелерінің өтуін тасалады, 3 ату орындарын басып, 10-нана аса жауды жойды. 18.08.1944 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 1944 ж. 29-31 қазан аралығында П.Борков Авинке ауылынның маңындағы (Добельский ауданы, Латвия) шабуылда миномет оғымен жаудың көп жаяу әскерлерін жойды. Жарақаттанғанына қарамастан шайқас алаңын қалтырмады. 15.01.1945 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Сол полктің миномет тобының командиры (Белорус майданы) П.Борков 1945 ж. 22-30 сәуірде Берлин үшін шайқаста 5 ату орынын және гитлершілердің бір взводындай жойды. 15.05.1945 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 1946 ж. әскер қатарынан босатылып туған ауылына оралды. 25.06.1981 ж. қайтыс болды. Бородулихада көшелердің бірі оның атымен аталған.
Шығыс Қазақстан облысының қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы
Бородулиха ауылындағы көше батырдың есімімен аталады.
Үш дәрежелі Даңқ орденінің кавалері, аға сержант, 2-екпінді армияның 207-ші атқыштар дивизиясының 597-ші атқыштар полкінің 120-мм миномет есебінің командирі. Белорус, 2-ші Прибалтика майдандарында соғысып, Латвияны азат етуге қатысты.