Даңқ орденінің толық иегерлері

Даңқ орденінің толық иегерлері

Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.

22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:

Кусметов Абытай
(1923 - 1948)

Кусметов Абытай   Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Көктерек ауылында 1923 жылы дүниеге келді, колхозда бригадир болып жұмыс атқарды. Қызыл Әскерде және майданда 1942 жылдың маусым айынан бастап. 997-ші атқыштар полкі саперлер взводының (263-ші атқыштар дивизиясы, 51-ші әскер, 4-ші Украин майданы) сапері қызыл әскері Абытай Кусметов Севастополь қаласына шабуыл жасауға дайындық кезінде, жеті рет тазарту тобында жұмысын атқарды, жаудың сым бөгеттері мен миналар қойылған далада екі өткел жасады, қырық минаны зиянсыздандырып 1944 жылдың 9 сәуірде шолу тобының құрамында болып Севастополь шетіне бұзып-жарып кіріп автоматтың атысымен және гранаталармен онға жуық гитлершылар жойылды. 30.05.1944 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 997-ші атқыштар полкі саперлер взводының (263-ші атқыштар дивизиясы, 2-ші гвардиялық әскері, 1-ші Балтық маңындағы майданы) командирі кіші сержант, Абытай Кусметов, Шяуляй литва қаласынан солтүстік-шығыс жағына қырық километр жерінде орналасқан Папиле елдімекені үшін шайқаста, дұшпанның атыс астында танк бұзар миналарымен танкке қауіпті жерлерді жапты, сол жерлерде екі жау танкілері жарылды. 1944 жылдың 22 тамыз айында, атқыштар рота құрамында болып, кіші сержант Кусметов жаудың миналар қойылған даласында өткел жасап, біріншілердің ішінде гитлеровшылар орналасқан жеріне бұзып-жарып кірді. Қатерлі ырғу нәтижесінде, Саунорай литва елдімекені басып алынды. 1944 жылдың 14-23 тамызда, жаудың аласапыран атыс астында, Абытай Кусменов полк майданы алдында бөлім құрамында он танк бұзар және төрт жаяу әскерлерге миналар қойылатын даласын орнатты. 26.11.1944 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 997-ші атқыштар полкі саперлер взводының (263-ші атқыштар дивизиясы, 43-ші әскері, 1-ші Балтық маңындағы майданы) командирі сержант, Абытай Кусметов, 1945 жылдың 10 қаңтарында Тальзит қаладан – қазір Советск қ. (Калининград облысы) шығысқа қарай 12-ші километрінде орналасқан Рагнит қаласы үшін шайқаста, 30-дан аса танк бұзар және жаяу әскерлерге миналар қойылатын миналарды зиянсыздандырып, жаудың атыс астында саперлер тобының құрамында жаудың сым бөгеттері мен миналар қойылған далада он екі өткел жасады. 1945 жылдың 19 қаңтарда Хайнрихсвальде елдімекені – қазір Славск қ. Калининград облысы, үшін шайқаста, барлауда болып, жауынгер-сапер Кусменов, тылдан батальонды айналып өтіп бара жатқан жау тобын айқындады және 997-ші атқыштар полкінің командованиесына дер уақытта хабарлады. 24.03.1945 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 1948 ж. жарақаттан қайтыс болды.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 809қ., 1т, 61і.

Батырдың есімі Катонқарағай ауданы Көктерек ауылындағы көшеге берілген.

Үш дәрежелі Даңқ орденінің кавалері. 51-ші армияның 263-ші атқыштар дивизиясының 997-ші атқыштар полкінің сапері. 4-ші Украин, 1-ші Балтық майдандарында, Севастопольді азат етуде шайқастарға қатысты. Қызыл Жұлдыз, II дәрежелі Отан соғысы, үш дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу