Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1924 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Жарма ауданының Георгиевка ауылында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1943 жылдың наурыз айынан бастап болған. 151-ші атқыштар полкінің барлаушасы. Припять өзенінен өту кезінде көзге түсті.
Ленин, I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 24-қыркүйектегі Жарлығымен Г.Д.Будникке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Армия қатарынан босағаннан кейін Киев авиациялық училищесіне оқуға түсті.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты
Батырдың есімімен Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы көше аталады.
Кеңес Одағының Батыры, Орталық майданның 13-ші армиясының 15-ші атқыштар корпусының 8-ші атқыштар дивизиясының 151-ші атқыштар полкінің барлаушысы. Украинаны азат етуге, Припять өзенін жылдамдатуға қатысты. Ленин, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.