Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1917 жылы Шығыс Қазақстан облысының Үлкеннарын ауылында дүниеге келген. Майданда 1941 жылдан бастап 65-ші атқыштар корпусы 123-ші жеке байланыс батальонының телефон-кабель ротасы бөлімшесінің командирі ретінде болған. 163-ші Ромны атқыштар дивизиясының құрамында Прибалтикада, Солтүстік Батыс, Дала, Воронеж, 1-ші және 2-ші Украин майдандарында соғысқан. Ромныны, Прилукиді азат еткен, Днепрден өткен. Шулятиков болған жерлерде байланыс үзіліссіз жұмыс істеген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 29-қазандағы Жарлығымен В.А.Шулятиковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 59і.; 809қ., 1т., 196і. Семей өлкетану мұражай қоры
Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы көше батырдың есімімен аталады.
Кеңес Одағының Батыры, Воронеж майданының 38-ші армиясының 163-ші атқыштар дивизиясының 123-ші жеке байланыс батальонының Телефон-Кабель ротасы бөлімшесінің командирі. Днепрден өту кезінде көзге түсті. Ленин, I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, екі Қызыл Жұлдыз орденімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.