Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Айтықов Ізғұтты
(1922 - 1944)

1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Тарғын ауылында дүниеге келген.

1942 жылдан бастап майданда болды. Сталинград түбіндегі шайқаста қатысты, Калинин, Курск, Белгород облыстарының жерлерін азат етіп, Батыс Двина жағалауына дейін жетті. Ержүрек барлаушы І.Айтықовтың бір өзі 50 гитлершілдің көзін жойды және бөлімге 22 «тіл» жеткізді.

Қызыл Жұлдыз, II, III дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 22 шілдедегі Жарлығымен гвардия старшинасы І.Қ.Айтықовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1944 жылы Полоцк қаласын алу кезінде қаза тапты.

Пароходқа, көшелерге, өзі оқыған Тарғын мектебіне оның есімі берілді.

    

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 1і.; 809қ.,1т.,170і.; 2866п қ., 3т., 424-425 і.і.

 

Батырдың аты:
- Өскемен қаласы көшесі;
- Күршім ауданы Қаратоғай ауылы көшесі;
- Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі Мамай батыр, Бозанбай, Тарғын ауылдарындағы көшелер;
- Ұлан ауданы Тарғын ауылындағы орта мектеп-балабақша.
ШҚО Ұлан ауданының Скалистое ауылы Изгутты Айтыков болып өзгертілді.

Кеңес Одағының Батыры, 1-ші Прибалтика майданының 6-шы армиясының 51-ші атқыштар дивизиясының 158-ші атқыштар полкінің батальонының комсоргы. Сталинград түбінде шайқасып, Батыс Двина жағалауына жетті. Қызыл Жұлдыз, II, III дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу