Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Фонов Николай Яковлевич
(1911 - 1950)

1911 жылы Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Подгорное ауылында дүниеге келген.
Майданда 1941 жылдың шілде айынан бастап 30-шы атқыштар дивизиясы 59-шы артиллериялық полктің зеңбірекшілер командирі болған. Брянск, Закавказье, Воронеж және Украин майдандарында соғысқа қатысқан. Корниловка ауылының маңында болған ұрыста көзге түсті. Днепрден өтті, Н.Фоновтың зеңбірекшілер тобының дәл көздеуі нәтижесінде 12 фашистік танк жойылды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 24-желтоқсандағы Жарлығымен Н.Я.Фоновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Армия қатарынан босағаннан кейін Семей қаласына оралды.
1950 жылы қайтыс болды.

 

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты,753қ., 1т., 51і.; 809қ., 1т., 195і.
Семей өлкетану мұражай қоры

Батырдың аты:
- Көкпекті ауданы Подгорное ауылы көшесі;
- Самар ауылы көшесі.

Кеңес Одағының Батыры, Воронеж майданының 47-ші армиясының 30-шы атқыштар дивизиясының 59-шы артиллериялық полкінің зеңбірек командирі. Брянск, Солтүстік Кавказ, Воронеж және 1-ші Украин майдандарындағы шайқастарға қатысты. Днепр. Лени на, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу