Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1923 жылы Чита облысының Сретенск кентінде дүниеге келген. Соғысқа дейін Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Шар станциясында тұрған.
Майданда 1942 жылдың қараша айынан бастап болған. 9-шы гвардиялық атқыштар полкінің рота командирі, гвардия лейтенанты Карелин 1944 жылғы сәуір айындағы Армянск ауылының маңында (Қырым облысы) болған ұрыста жау дзотының амбразурасын денесімен жапқан.
Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 16-мамырдағы Жарлығымен П.И.Карелинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Шар қаласында ескерткіш және мемориалдық тақта орнатылған, қаланың бір мектебі мен көшесіне оның есімі берілген.
Семей өлкетану мұражай қоры
Батырдың есімімен Жарма ауданы Шар қаласындағы көше мен мектеп аталады.
Кеңес Одағының Батыры, лейтенант, 4-ші Украина майданының 3-ші атқыштар дивизиясының 9-шы атқыштар полкінің 2-ші атқыштар ротасының командирі. Ол пулеметтің амбразурасын денесімен жапты. Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, "Сталинградты қорғағаны үшін", "Ерлігі үшін"медальдарымен марапатталған.