Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1918 жылы Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданының Митрофановка ауылында дүниеге келген.
Майданда 1943 жылдың тамыз айынан бастап болған. 218-ші гвардиялық атқыштар полкінің құрамында соғысқан. Днепрден өту кезінде ерекше көзге түскен. Алғашқылардың бірі болып қарсы жағаға өтіп шыққан.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 15 – қаңтардағы Жарлығымен Н.Е. Лутқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1944 жылғы 14 – сәуірде ерлікпен қаза тапты.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 32і.; 809қ., 1т., 187і.
Батырдың аты:
- Ұлан ауданы Привольное ауылындағы көше;
- Ұлан ауданы Митрофановка ауылындағы мектеп.
Кеңес Одағының Батыры, Воронеж майданының 77-ші атқыштар дивизиясының 218-ші атқыштар полкі взвод командирінің көмекшісі. Днепр үшін шайқас кезінде өзін ерекшелендірді.