Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Рощин Лев Михайлович
(1922 - 1958)

1922 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.
Майданда 1941 жылдан болған. Ұшқыш, кейінірек эскадрилья звеносының командирі жауға қарсы әртүрлі майдандарда ерлікпен шайқасты, 600-ге таяу жауынгерлік ұшуларды жүзеге асырды. Аға лейтенант Л.Рощиннің жеке жауынгерлік есебінде жаудың жойылған 31 танкі, 137 автомашинасы, 59 далалық артқаруы бар; 3 паровозы мен 31 теміржол вагонын өртеді, 12 ұшағын құртты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 26-қазандағы Жарлығымен Л.М.Рощинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1958 жылдың ақпанында қызмет бабында жүргенде қаза тапты.
Өскемен қаласы көшелерінің біріне Батырдың есімі берілді.


Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 42і.; 809қ., 1т., 192і.

Батырдың аты:
- улица г. Усть-Каменогорск;
- Риддер қ. көше;
- Риддер қаласындағы мектеп.

1922 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.

Кеңес Одағының Батыры, 190-шы авиациялық полк эскадрильясының командирі. Солтүстік Кавказ, 4-ші Украин, Ленинград, 2-ші Балтық майдандарында соғысқан, Қырым мен Кавказ үшін шайқастарға қатысқан. Ленин орденімен, II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Александр Невскийдің екі орденімен, үш Қызыл Жұлдыз орденімен, төрт Қызыл Ту орденімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу