Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1907 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Тарғын ауылында дүниеге келген.
Майданда 1943 жылдың мамыр айынан бастап болған. 70-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясының 245-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 245-ші гвардиялық атқыштар полкі атқыштар взводы командирінің көмекшісі болып соғысты. Полк 1943 жылдың жазында Курск иініндегі Самодуровка ауданында ұрыс жүргізіп жатқан-ды. Х.Мұхамадиев дұшпанның үш «жолбарысын», бес орташа танкін қиратты, 60-тан астам солдаты мен офицерінің көзін құртты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 27 – тамыздағы Жарлығымен сержант Х.М.Мұхамадиевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 37і.; 809қ., 1т., 188і.
Батырдың есімі Ұлан ауданы Тарғын ауылындағы көшеге берілген.
Кеңес Одағының Батыры, Орталық майданның 13-армиясының 70-атқыштар дивизиясының 205-атқыштар полкі атқыштар взводы командирінің көмекшісі. Курск доғасындағы шайқаста көзге түсті. Ленин, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, "Алтын жұлдыз", "Ерлігі үшін" медальдарымен марапатталған.