Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Елистратов Сергей Алексеевич
(1923 - 1947)

1923 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Бесқарағай ауданының Малая Владимировка ауылында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1942 жылдың желтоқсан айынан бастап болған. Барлау бөлімшесінің командирі, сержант Елистратов 1943 жылғы 15-қазанда барлаушылар тобымен Днепр өзенінен өтіп, жаудың 3 контратакасының бетін қайтарған, дұшпан дзотын құртып, тұтқын алды, сөйтіп құнды мәліметтерді қолға түсірді. Сталинград, Орталық, 2-ші Украин майдандарының құрамында шайқастарға қатысқан.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 30-қазандағы Жарлығымен С.А.Елистратовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1947 жылы қайғылы қазаға ұшырады.

«Кеңес Одағының Батырлары – қазақстандықтар» кітабынан, 1 том, Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1968 ж.

Батырдың есімі Бесқарағай ауылындағы көшеге берілген.

Кеңес Одағының Батыры, сержант, 65-ші армияның 69-шы атқыштар дивизиясының 20-шы жеке барлау бөлімшесінің командирі. Орталық майданда соғысып, Днепрді басып өтуге қатысты. Ленин орденімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу