Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Журба Павел Павлович
(1916 - 1989)

1916 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім аданының Дарственное ауылында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1941 жылдың шілде айынан бастап болған. 38-ші атқыштар дивизиясы 132-ші жеке саперлер батальонының бөлімшесін басқарған. П.П.Журба Днепр өзенінен өткен кезде көзге түсті. Өз бөлімшесімен оң жағаға 1440 жауынгерді қару-жарағымен бірге өткізіп, танкіге қарсы қолданатын 15 зеңбіректі, 6 тонна азық-түлік пен 26 атты алып өтті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10-қаңтардағы Жарлығымен П.П.Журбаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Армия қатарынан босағаннан кейін Шығыс Қазақстанға оралды.


Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 19-19а і.і.; 809қ., 1т., 180і.

Батырдың аты:
-Өскемен қаласы көшесі;
- Күршім ауданының Марқакөл және Теректі ауылдарындағы көшелер.

Кеңес Одағының Батыры, 40-шы армияның 38-ші атқыштар дивизиясының 132-ші жеке саперлік батальоны бөлімшесінің командирі. Днепрді жылдамдатуға қатысты. Ленин орденімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу