Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1914 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.
1941 жылдан бастап Батыс майданда болған. 237-ші полктің 1-ші батальоны Висла өзенінен өту кезінде Кульм қаласының маңында ұрыс басталды. Жауынгерлер өзеннен өтіп, 300 км плацдармы басып алды және бөлімнің өтуін қамтамасыз етті. Кульм қаласы алынды, бірақ азат етушілердің ішінде майор Молодов жоқ еді: ол биіктікті алу кезінде қаза тапқан болатын.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Г.А.Молодовқа өлгеннен кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Жеңістің 20 жылдығы қарсаңында Г.А.Молодовтың есімі полктардың бірінің тізіміне мәңгіге жазылды.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 809қ., 1т., 189і.
Батырдың есімі Өскемен қаласындағы көшеге берілген.
Кеңес Одағының Батыры, 2-ші Белорус майданының 70-ші армиясының 76-шы атқыштар дивизиясының 237-ші атқыштар полкі батальонының командирі. Вистула өзенінен өту кезінде өзін ерекшелендірді. Ленин, Қызыл Ту, III дәрежелі Суворов, III дәрежелі Кутузов ордендерімен марапатталған.