Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1921 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Дарственное ауылында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1941 жылдың маусым айынан бастап болған. Саперлер взводының командирі ретінде Батыс, Воронеж, 3-ші және 4-ші Украин майдандарында шайқасқа қатысты. Мыңдаған шақырым жүріп өтіп, үлкен де кіші өзендер арқылы ондаған өткелдерді ретке келтірді.
Будапешт түбінде ерлікпен қаза тапты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10-қаңтардағы Жарлығымен В.В.Бунтовскихке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 11і.; 809қ., 1т., 175і.
Күршім ауданы Күршім, Маралды және Барақ батыр ауылдарындағы көшелер батырдың есімімен аталады.
Кеңес Одағының батыры, аға лейтенант, 38-ші армияның 180-ші атқыштар дивизиясының 33-ші жеке саперлік батальонының взвод командирі. Батыс, Воронеж, 3-ші және 4-ші Украин майдандарындағы шайқастарға, Днепрден өтуге қатысты. Ленин орденімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.