Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1922 жылы Шығыс Қазақстан облысының Глубокое кентінде дүниеге келген. Армияға 1941 жылдың тамыз айында шақырылды. 67-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 201-ші гвардиялық атқыштар полкінде бөлімше басқарған гвардия сержанты Ф.Берестов ғажайып ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсеткен еді. 1944 жылдың маусым айында Батыс Двина өзенінен алғашқылардың бірі болып өткен. Шайқас алаңында қаза тапты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24-наурыздағы Жарлығымен гвардия сержанты Ф.С.Берестовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 6і.; 809қ., 1т., 173і.
Батырдың есімі ШҚО Глубокое кентінде орналасқан.
Кеңес Одағының Батыры, сержант, 67-ші атқыштар дивизиясының 201-ші атқыштар полкінің бөлімше командирі. Белоруссияны, Балтық жағалауын азат етуге, Западная Двина өзенін жылдамдатуға қатысты. Ленин, Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. II дәрежелі Отан соғысы.