Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Брилин Павел Тимофеевич
(1913 - 1969)

1913 жылы Алтай өлкесі Родин ауданының Лубягино ауылында дүниеге келген. 1928 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Соловьево ауылына қоныс аударған.
Майдан шебінде 1941 жылдан бастап болған. Орталық, Калинин, 1-ші Прибалтика, 3-ші Белорус майдандарындағы әскерлер құрамында соғысты. Кенинсберг қаласын алу үшін болған шайқастарда ерекше ерлік пен батылдық көрсетті.
III дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 19-сәуірдегі Жарлығымен П.Т.Брилинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Армия қатарынан босағаннан кейін ол Зырян қаласына оралды.
ШҚО Зырян қаласы мен Соловьев ауылы көшелерінің біріне Батыр есімі берілген.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 9і.; 809қ., 1т., 175і.

Батырдың есімін Алтай қаласы мен Алтай ауданы Соловьево ауылының көшелері алып жүр.

Кеңес Одағының Батыры, старшина, 3-ші Белорус майданының 43-ші армиясының 24-ші атқыштар дивизиясының 71-ші атқыштар полкінің атқышы. Сталинград түбіндегі шайқастарға, Латвияны азат етуге қатысқан. Ленин, III дәрежелі Даңқ ордендерімен, "Алтын жұлдыз", "Ерлігі үшін" медальдарымен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу