Даңқ орденінің толық иегерлері

Даңқ орденінің толық иегерлері

Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.

22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:

Капорин Александр Емельянович
(12-12-1924 - 28-08-2007)

Александр Емельянович Капорин   12.12.1924 ж. Семей облысы Бородулиха ауданының Шелохово ауылында туған. Қызыл Әскер қатарында 1942 жылдан бастап. Әрекеттегі әскерде 1943 жылдың қыркүйек айынан бастап. 286-шы артиллериялық полкының зеңбірек нысанашысы (111-ші атқыштар дивизиясы, 52-ші әскер, 2-ші Украин майданы) 26.08.1944 ж қатардағы Капорин Гермэнешти елді мекеніндегі (Яссы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым, Румыния) шайқаста тура нысаналаумен 4 пулеметты талқандап, 15-тен аса гитлершілерді жойды. 18.09.1944 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Сол полктың, дивизияның және әскердің (1-ші Украин майданы) сержанты Капорин 10.02.1945 ж. Хашмер елді мекеніне жақын жердінде одер плацдармындағы (Заган қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 10 шақырым, қазіргі Жагань қ., Польша) шайқаста жаяу әскер құрамында болып, тура нысаналаумен жауға қарсы атыс жүргізді, 6 пулемет орналасқан жерін, танкіге қарсы зеңбірегін талқандап, 20-ға жуық гитлершілерді жойды. 24.02.1945 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 17.04.1945 ж. Нидер-Цодель елді мекеніндегі (Герлиц қаласынан солтүстік-шығысқа қарай, Германия) шайқаста Капорин тура нысалауға зеңбіректі итеріп шығарып топ жауынгерлермен бірге өте көп жау сарбаздарын жойып, 6 пулемет орналасқан жерін қиратқанымен алдына қойылған мақсаттың орындалуын қамтамасыз етті. 27.06.1945 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 1947 жылы старшина Капорин әскер қатарынан босатылды. Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында тұрған. 1-ші дәрежелі Отандық соғыс орденімен, медальдармен марапатталды.    

2005 жылдың 6 мамырында Астана қаласындағы «Ақ Орда» резиденциясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне орай Александр Kaпоринге «Халық қаһарманы» атағын беріп, «Отан» орденін және «Алтын жұлдыз» медалін табыстады.        

  Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 21і.; 809қ., 1т., 63, 201і.і.

- Шемонаиха қ. көше.

Үш дәрежелі Даңқ орденінің кавалері, Қазақстанның Халық Қаһарманы. 52-ші армияның 111-ші атқыштар дивизиясының 286-шы артиллериялық полкінің зеңбірекшісі, 2-ші Украина майданы. Румыния мен Польшаны азат етуге қатысты. Отан, Қызыл Жұлдыз, үш дәрежелі Даңқ, I дәрежелі Отан соғысы, "Халық Қаһарманы" орденімен, "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу