Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1906 жылы Сухой Отрог ауылында дүниеге келген. 1907 жылы отбасымен бірге Шығыс Қазақстан облысының Самар ауылына қоныс аударған.
Орынбордағы ұшқыштар мектебін бітіргеннен кейін Қытайға өз еркімен соғысқа кеткен, 189 жауынгерлік ұшуларды жүзеге асырған. 1934 жылы Қызыл Ту орденімен марапатталған. 1937 жылы Қытайдың жапон милитаристеріне қарсы соғысында Ханькоу тобының бомбалаушы авиациясына жетекшілік еткен.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1938 жылғы 14-қарашадағы Жарлығымен Ф.П.Полынинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1941 жылдың тамызынан бастап Брянск майданының әскери-әуе күштерін басқарды, Мәскеу түбіндегі шайқаста қатысты, 1943 жылдан бастап әуе флотының командашысы болды, 1944-1947 жылдары Поляк әскерінің әскери-әуе күштерін басқарды.
1981 жылы қайтыс болды.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 809қ., 1т., 191і.
Батырдың есімі Самар ауылындағы көше.
Кеңес Одағының Батыры, Батыс майданының 13-ші бомбалаушы авиациялық дивизиясының командирі, Брянск майданының әуе күштерінің қолбасшысы, Брянск майданының 2-ші әуе армиясы қолбасшысының орынбасары, Солтүстік-Батыс, 1-ші және 2-ші Беларусь майдандарының 6-шы әуе армиясының қолбасшысы. Октябрь революциясы орденімен, екі Ленин орденімен, екі Қызыл Жұлдыз орденімен, бес Қызыл Ту орденімен, I және II дәрежелі Кутузов орденімен, "Алтын Жұлдыз", Мәскеуді қорғағаны үшін," Берлинді алғаны үшін"," Варшаваны азат еткені үшін "медальдарымен марапатталған.