Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.
22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:
Фёдор Фёдорович Сорокин 1912 ж. Семей облысы Бесқарағай ауданының Доноль ауылында дүниеге келген. Қызыл Әскер қатарында 1935 жылдан бастап 1936 жылға дейін болды. Майданда 1941 ж. тамыз айынан бастап. 172-ші гвардия атқыштар полкінің 4-ші атқыштар рота бөлімінің (57-ші гвардия атқыштар дивизиясы, 8-ші гвардиялық әскері, 3-ші Украин майданы) командиры гвардия сержант Сорокин 31.01.1944 ж, Днепропетровск облысының Лошкаревка елді мекенінің аймағында болған шайқаста біріншілердің қатарында жау траншеясына басып кіріп 2 гитлершілерді жойды. Келесі шайқастарда жаудан тартып алынған пулеметтан 10-ға жуық дұшпанды жойып, взводқа алаға жылжыуын қамтамасыз етті. 25.03.1944 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 01.08.1944 ж. сол полк, дивизия, әскер құрамындағы (1-ші Белорус майданы) гвардия старшинасы Сорокин Магнушев елді мекеннің аймағында Висла өзенінен тездетіп өту кезінде алдыңғы қатарлы болып өзінің атқыштар взводымен жау траншеясына басып кіріп, 8 гитлершілерді жойып орналасқан шебінен ығыстырып шығарып тастады. 02.08.1944 ж. Сорокин взвод жауынгерлерімен бірге Магнушев елді мекеніне басып кіріп, солтүстік аймақтан дұшпанды жойды. 26.09.1944 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 04.02.1945 ж. атқыштар ротасының старшинасы сол полктің гвардия старшинасы Сорокин Рейнтвейн елді мекенінің аймағында одер плацдармындағы (Германия) шайқаста бөлімшеден бөлініп қалды. Өзінің батылдығын көрсете жау шығыршығын бұзып шықты, гитлершілердің ату жері орналасқан үйге басып кіріп, 5 дұшпанды жойып олардан тарттып алынған істегі пулеметтен жауға қарсы оқ жаудырды. 31.05.1945 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 18.04.1945 ж. соғыста қаза тапты. Зелов қаласында (Германия) жерленген.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 809қ.,1т., 64і.
Батырдың есімі Семей қаласындағы көше.
Үш дәрежелі Даңқ орденінің кавалері, сержант, 3-ші Украина майданы 8-ші армиясының 57-ші атқыштар дивизиясы 172-ші атқыштар полкі 4-ші атқыштар ротасы бөлімшесінің командирі. Батыс Буг және Висла өзендерін мәжбүрлеп, Польшаны азат ету үшін шайқастарда ерекшеленді.