Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Снегирево ауылында дүниеге келген. Майданда 1942 жылдан бастап барлаушы ретінде болған. Оның жауынгерлік жолы Доннан Дунайға дейін жеткен. 1944 жылдың желтоқсан айында Дунайдан өту кезінде ерекше көзге түсті. Хариннің басшылығындағы барлаушылар тобы алғашқылардың бірі болып өзеннен өтті. Будапешт қаласына жасалған шабуылға қатысты. Көптеген гитлершілердің көзін жойды, бөлімге талай «тіл» жеткізді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 23-наурыздағы Жарлығымен М.Т.Харинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 52і.; 809қ., 1т., 197і.
Алтай ауданы Снегирево ауылындағы мектеп батырдың есімімен аталады.
Кеңес Одағының Батыры, 59-атқыштар дивизиясының 176-атқыштар полкінің жаяу барлау взводының барлаушысы. Дунайдан өту кезінде ерекше көзге түсті. Қатысқан шабуыл қаласының Будапешті. Ленин, I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, "Алтын жұлдыз", "Ерлігі үшін" медальдарымен марапатталған.