Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1920 жылы Шығыс Қазақстан облысының Уварово ауылында дүниеге келген. Майданда 1941 жылдан бастап болған, қатардағы жауынгерден рота командиріне дейінгі жолдан өтті. 1945 жылдың сәуір айында Берлинге шабуыл кезінде комсомол Шелихов өз ерлігін жасады. Көшелерде болған ұрыстарда ерекше көзге түсті. 23-ші Қызылтулы Днов дивизиясының гвардияшылары қала орталығына ұмтылған болатын. Шелихов ротасының атқыштары дұшпанның 15 атакасының бетін қайтарып, бірнеше танкті қиратты. Рота алған шебін ұстап қалды, алайда командир қаза тапты. І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 31-мамырдағы Жарлығымен Н.С.Шелиховқа қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Өскемен қаласындағы көшелердің бірі оның есімімен аталған.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 58і.; 809қ., 1т., 197і.
Батырдың есімімен Өскемен қаласы көшесі аталады.
Кеңес Одағының Батыры, лейтенант, 23-атқыштар дивизиясының 66-атқыштар полкінің атқыштар ротасының командирі. Берлинге шабуыл кезінде өзін ерекшелендірді. І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.