Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Қайсенов Қасым
(23-04-1918 - 2006)

Қасым Қайсенов 1918 жылдың 23 сәуірі күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында, кедей шаруа семьясында туған. Туған жер қасиеті оның қанында қайнап, тәніне сіңген. Оның болмысы мен шығармаларынан биіктік пен тазалық лебі еседі. 1935 жылы он жеті жасында Өскеменге келіп саяси-ағарту техникумын жұбайы Асыл екеуі бірге бітіріп, 1937 жылы семья құрған. Асыл әжеміз сол жылы небары 16 жаста болған. Ол өзінің қиын қыстау өмірін қасиетті Кереку жерінен бастаған. 1938 жылы Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспектор болып қызмет істеген. Қасым Қайсенов жер бетінде бұрын - соңды болмаған ең жойқын шайқаста жауға етегінен шалдыртпай, жағасынан алдыртпай өткен ер, басқыншы жауды қаралай қалтыратқан Вася партизан. Халқымыздың күллі адамзатпен бірге жасаған ең ұлы ерлік дастанының ең басты қаһармандарының бірі. 1940-1941 жылдары арнаулы әскери дайындық мектебінен өткеннен кейін оңтүстік-батыс майданының штабына жіберіледі. 1941 жылы жау қолында қалған Украина жерін азат етуге аттандырылды. Партизан қозғалысының алғашқы жетекшілері ретінде Закарпатья, Молдавия, Румыния, Чехословакия жерін неміс басқыншыларынан азат етуге қатысып, көптеген күрделі операцияларды жүзеге асырды. Қасым Қайсенов өзін өжет, тапқыр және ұйымдастыру қабілеті зор командир ретінде көрсетті. Ол басшылық еткен отряд көптеген операцияларды сәтті жүзеге асырып жауға соққы берді. Жазушы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері үшін Ұлы Отан соғысының бірінші дәрежелі орденімен, Богдан Хмельницкий орденімен және көптеген медальдармен марапатталды. Қасым Қайсенов - Қазақстан Республикасының Халық Қахарманы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері. Оның регалиялары мен мараптарының тізімі тұтас азат жолын алады және бір реттен жатталуға берілмейді: А. Фадеев атындағы халықаралық сый иегері «Отан» орденімен, II дәрежелі «Богдан Хмельницкийдың» ордендерімен, I және II дәрежелі Отан соғысының екі орденімен, «Партизан Чехословакии», I дәрежелі «Партизану Отечественной войны» екі медалімен және тағы басқа Кеңес Одағының он бес медальдарымен, үш рет Қазақ СРО Жоғарғы Кеңесінің Құрметті Грамотасымен, Украина СРО Жоғарғы Кеңесінің Құрметті Грамотасымен, II және III дәрежелі «За заслуги» орденіменмараппатталған. Соғыстан кейін бейбіт еңбекке араласып, Қазақстан Жазушылар одағында, баспа орындарында жауапты қызметтер атқарды. Партизандық өмір жолын, қарулас жолдастарының қаһармандығын бейнелейтін "Жас партизандар" (1954), "Ажал аузында" (1959), "Жау тылындағы бала" (1961), " Жау тылында" (1973), "Партизан соқпақтары" (1978), "Переяслав партизандары" тәрізді т.б. көптеген шығармалар жазды.   Аталмыш туындалардан А.В.Тканко, Е.Д.Ломако, И.К.Примак тәрізді партизан отрядында бірге болған жауынгер достары жайында ыстық көңілмен әңгімеледі. Қасым кітабының тамаша бір тарауын Украин партизандарының ардақ тұтар ақсақалы, халық соғысының қаһарман басшысы, әрі ақылды, әрі қатал - генерал-майор Сидор Артемьевич Ковпакқа арнады. Партизан - жазушы Қасым Қайсеновтың өмірі өзі жаудан қорғаған Украин халқымен тығыз байланысты. Украин халқы Қасымды өзіміздің жерлесіміз, қандасымыз деп құшағын жайып қарсы алады. Қ.Қайсеновтың қаламгерлік келбеті оның аудармашылық өнерімен де толыға түседі. Ол М.Муратовтың "Ломоносовтың жастық шағы", Николай Томанның "Сабылтқан сағым", Мамед Кулизаде Джалилдің "Почта жәшігі" кітаптарын құнарлы тілмен оқушы жүрегіне жеткізді. Оның шығармалары әлемнің көптеген халықтарының тілдеріне аударылды. Қасым Қайсенов - ерлік аңсаған жас ұрпақтың ең сүйікті кейіпкері. Қасым Қайсенов - ерлік аңсаған жас оқырманның ең сүйікті жазушысы. Қасым Қайсенов - Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Халық Қаһарманы- Ұлттық батыры. 

 

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 809, 50, 753, 2866 қ.

 

Халық қаһарманы, партизан жазушы Касым Кайсенов

 

Көше. Қасым Қайсенов – Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекі жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан.

Батырдың аты:
- Өскемен қаласындағы көше мен саябақ
- Тарбағатай ауданы Қарасу ауылындағы мектеп
Ұлан ауданының Молодежный кенті Қасым Қайсенов болып қайта аталды.

Қазақстанның Халық қаһарманы, жазушы, партизан қозғалысының қатысушысы. Закарпатия, Молдова, Румыния, Чехословакияны азат етуге қатысты. II дәрежелі Богдан Хмельницкий орденімен, I және II дәрежелі Отан соғысының екі орденімен, "Чехословакия партизандары" медальдарымен, "Отан соғысының Партизанына" екі медальмен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу