Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1922 жылы Ленинград облысының Новая Ладога қаласында дүниеге келген. 1937 жылы отбасы Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына коныс аудырған.
Майдан шебінде 1943 жылдың шілде айынан бастап болған. Дала, Воронеж және 1-ші Украин майдандарында 79-шы жеке байланыс полкінің құрамында соғысқан. Днепрден өту кезінде байланыс желісінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Өз полкімен бірге Польшаны азат етті, Берлинге шабуыл жасады. Мәскеу қаласының Қызыл алаңындағы Жеңіс шеруіне қатысқан.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10 –қаңтардағы Жарлығымен А.А. Колчинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Армия қатарынаң босағаннан кейін Ленинградқа оралды. 1974 жылы қайтыс болды.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 24і, 809қ., 1т., 183і.
Батырдың есімі Риддер қаласында орналасқан.
Кеңес Одағының Батыры, Воронеж майданының 47-ші армиясының 79-шы жеке байланыс полкінің телеграф-кабельдік компаниясының желілік бақылаушысы. Қатысып, днепрді, босату Польша, Берлин қаласын шабуылдау.