Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1919 жылы Шығыс Қазақстан облысының Тарханка ауылында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1942 жылдың мамыр айынан бастап болған. Гвардия лейтенанты Г.Иванов қатарында шайқасқан 181-ші танк бригадасы Венгрияны азат ету жолындағы ұрыстарда, Тисса өзенінен өту кезінде ерекше көзге түсті. Волга жағасы мен Кавказ тауларының сілемдерінен басталып, Румыния, Венгрия және Австрия арқылы Берлинге дейін жеткен жауынгерлік жолды жүріп өтті.
Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
1945 жылы қайғылы қазаға ұшырады.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24-наурыздағы Жарлығымен Г.Ф.Ивановқа Кеңес Одағының атағы берілді.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 20і.; 809қ., 1т., 180і.
Батырдың есімі Глубокое ауданы Тарханка ауылындағы көше.
Кеңес Одағының Батыры, кіші лейтенант, 2-ші Украина майданының 18-ші танк корпусының 181-ші танк бригадасының танк взводының командирі. Венгрияны азат етуге қатысты. Ленин, Қызыл Жұлдыз, II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, "Алтын Жұлдыз"медалімен марапатталған.