Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Чернов Алексей Иванович
(1924 - 1989)

1924 жылы Ақмола облысының Балқаш ауылында дүниеге келген. Көп кешікпей отбасы Шығыс Қазақстанға қоныс аударған. Майданда 1942 жылдан бастап болған, 123-ші артиллериялық полктің құрамында Курск иінінде гитлершілерді күйретуге қатысты. Кейіннен 121-ші гвардиялық дивизияның 313-ші артиллериялық полкі 76-мм зеңбіректің нысанашысы болып қызмет етті. 1945 жылдың қаңтарында Одерден өту кезінде көзге түсті. Шабуылдаушы батальонның құрамында алғашқылардың бірі болып өзен арқылы өтті. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 10-наурыздағы Жарлығымен А.И.Черновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Әскер қатарынан босағаннан кейін Өскемен қаласына оралды. Өскемен қаласындағы көшелердің бірі оның есімімен аталған. 1989 жылы қайтыс болған.              

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 55і.; 809қ. 1т., 197і.

Батырдың есімімен Өскемен қаласы көшесі аталады.

Кеңес Одағының Батыры, ефрейтор, 1-ші Украина майданының 13-ші армиясының 121-ші атқыштар дивизиясының 313-ші артиллериялық полкінің зеңбірекшісі. Курск доғасындағы шайқастарға, Одер өзенінен өтуге, Польшаны азат етуге қатысқан. Ленин орденімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу