Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1924 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Жаңа Семей ауданының Новобаженово ауылында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1942 жылдан бастап болған. 1264-ші атқыштар полкінің старшина А.А.Ибраев басқарған взводы 1944 жылғы 16-шілдеде Псков облысының Янчево ауылы түбінде болған ұрыста көзге түсті. Взвод артиллеристері жаудың 19 автомашинасын өртеп, 6 зеңбірегін, 12 пулемет нүктесін құртты.
Ленин, ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
1944 жылғы 27-қазанда Сувалки қаласының (Польша) түбіндегі шайқаста қаза тапты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24-наурыздағы Жарлығымен А.А.Ибраевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Батырдың туған жерінде ескерткіш орнатылған.
Шығыс Қазақстан облысы қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының қоры, ағымдағы мұрағат
Батырдың аты:
- Семей қ. көше;
- Семей қалалық әкімшілігінің құрамындағы Новобаженово ауылындағы мектеп.
Кеңес Одағының Батыры, старшина, 380-атқыштар дивизиясының 1264-атқыштар полкінің 45-мм зеңбірек командирі. Калинин, Солтүстік-Батыс, Беларусь, Брянск майдандарында соғысқан. Ленин, II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, екі Қызыл Жұлдыз орденімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.