Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Варепа Иван Иосифович
(1910 - 1981)

1910 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Перьятенка ауылында дүниеге келген.
Майданда 1943 жылғы тамыз айынан бастап болған. Орталық, Сталинград, Украин, 2-ші Белорус майдандарындағы шайқастарға қатысқан. 1943 жылғы қыркүйекте Днепр өзенінен өткен кезде көзге түсті. Гвардия кіші сержанты Варепа жау жаудырған оқ астында алғашқылардың бірі болып оң жағаға өтіп шықты.
Ленин, Александр Невский ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 15-қаңтардағы Жарлығымен И.И.Варепаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Армия қатарынан босағаннан кейін туған ауылына оралды.


Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 14а і.
Семей өлкетану мұражай қоры

Батырдың аты:
- Жарма ауданы Шар қаласындағы көше;
- Ұлан ауданы Ізғұтты Айтықов ауылындағы көше.

Кеңес Одағының Батыры, кіші сержант, Орталық майданның 61-ші армиясының 77-ші атқыштар дивизиясының 218-ші атқыштар полкінің пулемет бөлімінің командирі. Днепрді жылдамдатуға қатысты. Ленин орденімен, Александр Невский орденімен, "Алтын Жұлдыз"медалімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу