Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1917 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданының Қарауыл ауылында дүниеге келген. Майдан шебінде 1941 жылдың маусым айынан бастап болды. 18-ші жеке понтон-көпірлік батальонның понтоншысы. 1943 жылы Днепр өзенінен өту кезінде көзге түсті. Бөлімшенің жараланған командирінің орнын басты, өзеннің оң жағасына бірінші болып десант түсірді. Бірнеше тәулік бойы дұшпан жаудырған оқтың астында жеке құрам мен техниканы өткізді. Ленин, II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 10-қазандағы Жарлығымен аға сержант З.Белібаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Әскер қатарынан қайтқаннан кейін туған жеріне оралды.
Семей өлкетану мұражай қоры
Батырдың есімі Семей қаласындағы көше.
Кеңес Одағының батыры, аға сержант, 3-ші понтон-көпір бригадасының 18-ші жеке понтон-көпір батальонының понтонері. Орталық майданда соғысып, Днепрді басып өтуге қатысты. Ленин, II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.