Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1902 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үлкеннарын ауданының Усть-Нарым ауылында дүниеге келген. Майданда 1941 жылдан бастап болған. 8-ші атқыштар дивизиясы 151-ші полкінің қатарында соғысты, Днепрден өту кезінде көзге түсті. Өзеннен өтуді шебер ұйымдастырып, өтіп жығуға қажетті қарапайым құралдарды жасауда тапқырлық танытты. Киевщина жеріндегі Старый Лес ауылының түбінде қаза тапты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 16-қазандағы Жарлығымен кіші сержант А.Г.Огневқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы көше батырдың есімімен аталады.
Кеңес Одағының Батыры, 8-атқыштар дивизиясының 151-атқыштар полкінің атқышы. Днепрден өту кезінде көзге түсті. Ленин орденімен марапатталған.