Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Логвин Петр Иванович
(1918 - 1995)

1918 жылы Алтай өлкесінің Локоть ауылында дүниеге келген. 1950 жылдан бастап Өскемен қаласында тұрған.
Майданда 1942 жылдың маусым айынан бастап болған. 70-ші армияның 141-ші атқыштар дивизиясы 82-ші атқыштар полкінің құрамында шайқасты. 1943 жылы қазан айында Иваньково ауылының тұсында Днепрден өту кезінде ерекше көзге түсті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10 – қаңтардағы Жарлығымен П.И. Логвинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Армия қатарынан босағаннан кейін Нальчик қаласына қоныс аударды.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 31і.; 809қ., 1т., 187і.

Батырдың есімі Өскемен қаласындағы көшеге берілген.

Кеңес Одағының Батыры, Воронеж майданының 3-ші танк армиясының 6-шы танк корпусының 22-ші мотоатқыштар бригадасының взвод командирі. Черкасск облысын азат ету кезінде көзге түсті. Ленин, I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу