Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Попов Александр Григорьевич
(1917 - 2004)

1917 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.
Майданда 1941 жылдан болған. Қазақстанда құрылған дивизия құрамында Оңтүстік Батыс, Сталинград, Воронеж және Дала майдандарында соғысты. Сталинград гвардиялық атқыштар дивизиясының 209-шы Абганеров атқыштар полкінің штаб бастығы болды. 1943 жылы Днепрден өту кезінде су кедергісін алуға дайындық пен одан өту үшін жауапкершілік осы полкке түсті. Оның алдына қойылған міндет табысты орындалды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 26-қазандағы Жарлығымен А.Г.Поповқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 41і.; 809қ., 1т., 191і.

Батырдың есімі Өскемен қаласындағы көшеге берілген.

Кеңес Одағының Батыры, майор, дала майданының 7-ші армиясының 73-ші атқыштар дивизиясының 209-шы гвардиялық атқыштар полкінің штаб бастығы. Босату шайқастарына қатысты Румыния, Болгария, Венгрия, Югославия, днепрді. Ленин, I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, үш Қызыл Жұлдыз орденімен, "Алтын Жұлдыз", "Сталинградты қорғағаны үшін" медальдарымен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу