Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Мыза Владимир Иванович
(1915 - 1944)

1915 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.
Майданда 1942 жылдың маусым айынан бастап рота командирі, батальон командирінің орынбасары ретінде болған. 1943 жылғы қараша айында 60-шы гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 185-ші атқыштар полкінің капитан Мыза басқарған батальоны Днепрден ойдағыдай өтті. 1944 жылғы ақпан айында Мало-Ивановка ауылының маңында (Днепропетровск облысы) болған ұрыста қаза тапты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 22-ақпандағы Жарлығымен В.И.Мызаға қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Өскемен қаласындағы көшелердің бірі Батырдың есімімен аталады.

 

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т,. 38і.; 809қ., 1т., 188і.

Батырдың есімі Өскемен қаласындағы көшеге берілген.

Кеңес Одағының Батыры, капитан, 3-ші Украина майданының 6-шы армиясының 60-шы атқыштар дивизиясының 185-ші атқыштар полкі атқыштар батальоны командирінің орынбасары. І дәрежелі Отан соғысы Ленин орденімен, "Жауынгерлік еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу