Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Головченко Василий Евстафьевич
(1921 - 1990)

1921 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1941 жылдың қараша айынан бастап болған. Алғашында взвод, содан кейін рота, одан соң батальон басқарды. Ол басқарған батальон 338-ші атқыштар дивизиясында бірінші болып жаудың қорғанысын бұзып өтіп, Шығыс Пруссия жеріне аяқ басты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24-наурыздағы Жарлығымен В.Е.Головченкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыс аяқталғаннан кейін КСРО Қарулы Күштерінің қатарында қалды.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 15і.; 809қ., 1т., 178і.
«Кеңес Одағының Батырлары – қазақстандықтар» кітабынан, 1 том, Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1968 ж.

Зайсан қаласындағы көше батырдың есімімен аталады.

Кеңес Одағының Батыры, 39-шы армияның 338-ші атқыштар дивизиясының 1134-ші атқыштар полкі батальонының командирі. Солтүстік-батыс, 3-ші Белорус майдандарындағы шайқастарға, Балтық жағалауын азат етуге қатысқан. Ленин орденімен, екі Қызыл Жұлдыз, I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, "Алтын Жұлдыз"медалімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу