Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Кольцов Павел Федорович
(1910 - 2011)

1910 жылы Владивосток қаласында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1941 жылдың маусым айынан бастап болған. 3-ші Украин және 1-ші Белорус майдандарындағы шайқастарға қатысқан. 1945 жылдың көктемінде Берлиндегі көше ұрыстарында сержант П.Ф. Кольцов өзінің қайратты пулеметші екенін көрсетті. 100-ден астам гитлершілердің көзін жойды.
Қызыл Ту орденімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 15 – мамырдағы Жарлығымен П.Ф. Кольцовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1953 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында тұрып жатыр.
Зырян қаласы көшелерінің біріне Батыр есімі берілген.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 27і; 809қ., 1т., 184і.

Батырдың есімі Алтай қаласындағы көше.

Кеңес Одағының Батыры, кіші сержант, 1-ші Белорус майданының 248-ші атқыштар дивизиясының 905-ші атқыштар полкінің пулемет есебінің командирі. 3-ші Украин, 1-ші Белорус майдандарында, Берлинге шабуылда шайқастарға қатысты. І дәрежелі Отан соғысы, Лениннің Қызыл Жұлдызы ордендерімен, "Алтын Жұлдыз"медалімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу