Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1923 жылы Шығыс Қазақстан облысының Тарханка ауылында дүниеге келген.
Майданда 1942 жылдан бастап болған. Орталық, 1-ші және 2-ші Украин майдандарында Т-34 танкісінің механик-жүргізушісі ретінде соғысқа қатысқан. Старшина Мехнин Терновка деген жер (Винницы және Киев облыстарының түйісінде) үшін болған шайқаста көзге түсті. 1944 жылғы сәуір айында Оңтүстік Бугтен өту кезінде қарсы беттегі жағалауға жете алмай, минаға жарылып, суға батып кеткен. Экипаж қаза тапқан.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 13 – қырқүйектегі Жарлығымен Ф.М. Мехнинге қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Тарханка орта мектебі оның есімімен аталған.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 34і.; 809қ., 1т., 188і.
Батырдың аты:
- Глубокое ауданы Тарханка ауылындағы көше мен мектеп;
- Өскемен қаласындағы көше.
Кеңес Одағының Батыры, 2-ші Украина майданының 3-ші танк корпусының 50-ші танк бригадасының Т-34 танкінің механик-жүргізушісі. Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.