Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1922 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында дүниеге келген. Орта мектепті Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Жарма станциясында бітірген.
Майданда 1943 жылдың наурыз айынан бастап 78-ші гвардиялық шабуылдаушы авиациялық Мелитополь Қызылтулы полкінде болған. Донбассты, Қырымды, Севастопольды, Белоруссияны, Латвияны, Шығыс Пруссияны, Кенингсбергті азат етті. 1945 жылдың қазан айына қарай 154 жауынгерлік ұшуларды жүзеге асырды. Н.Гастеллоның ерлігін қайталады. 1945 жылдың ақпан айындағы әуе шайқасында қаза тапты.
Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 19-сәірдегі Жарлығымен П.И.Теряевке қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Семей қаласындағы көлік колледжінің ғимаратына Батырға мемориалдық тақта орнатылған.
Семей өлкетану мұражай қоры
Батырдың аты:
- Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы көше;
- Жарма кентіндегі мектеп.
Кеңес Одағының Батыры, 76-шы авиациялық Қасқыр ұшқышы. Оңтүстік, 4-ші Украин, 3-ші Белорус майдандарында соғысып, Сталинград шайқасына қатысты. Ленин, Александр Невский, I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, Төрт Қызыл Ту орденімен марапатталған.