Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1918 жылы Семей қаласында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1942 жылдың тамыз айынан бастап болған. Ұшқыш, звено және авиаэскадрилья командирі ретінде соғысты. Ол өзінің жауынгер достарымен бірге Орел-Курск иініндегі, Днепр мен Висладағы, Сандомир мен Прага түбіндегі шайқастарда ерекше батылдықпен шайқасты. Оның эскадрильясы 1943 жылғы қыркүйек айынан бастап 341 жауынгерлік ұшуды жүзеге асырды.
Ленин, Қызыл ту, Александр Невский, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 27-шілдедегі Жарлығымен гвардия капитаны П.Ф.Железняковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1951 жылы қызмет бабында жүргенде қайғылы қазаға ұшырады.
Семей қаржы-экономикалық колледжінде Батыр мұражайы ашылған және мемориалдық тақта қойылған.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты
Имя Героя носят:
- улица в г. Семей;
- музей в Семипалатинском финансово-экономическом техникуме.
Герой Советского Союза, майор, летчик-штурмовик, командир эскадрильи 108-го штурмового авиационного полка 6-й штурмовой авиационной дивизии 2-го штурмового авиационного корпуса 2-й воздушной армии. Награжден тремя орденами Красного Знамени, орденами Ленина, Александра Невского, Красной Звезды, медалью «Золотая Звезда».