Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1917 жылы Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Подгорное ауылында дүниеге келген.
Майданда 1941 жылдың тамыз айынан бастап болған. Воронеж және 1-ші Украин майдандарында соғысқа қатысты. Жеке барлаушылар бригадасының мотоциклетті взводында қызмет етті. 1943 жылы Днепрден өту кезінде көзге түсті. Ефрейтор Седнев 30 тонналық паромды катермен сүйреуді қамтамасыз етті. 300-ден астам рейс жасап, соғыс техникасы мен жеке құрамды өткізді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 3-маусымдағы Жарлығымен С.Е.Седневке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 44і.; 809қ., 1т., 194і.
«Кеңес Одағының Батырлары - қазақстандықтар» кітабынан, 2 – том, Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1968 ж.
Батырдың аты:
- Көкпекті ауданы Подгорное ауылы көшесі;
- Көкпекті ауданы Палатцы ауылындағы мектеп.
Кеңес Одағының Батыры, Воронеж майданының 47-ші армиясының 23-ші жеке моторлы понтон-көпір батальонының моторисі. Днепр үшін шайқас кезінде өзін ерекшелендірді. Ленин орденімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.