Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Клименко Трофим Михайлович
(1919 - 2003)

1919 жылғы Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданының Украинка ауылында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1941 жылдың тамыз айынан бастап болған. Мәскеу қорғанысы, Сталинград түбіндегі ұрыстар, Орел-Курск иіні, Польшаны азат ету – гвардия майоры Клименконың майдандық өмірінің хроникасы осындай. Клименконың батальоны Батыс Буг, Сан, Висла өзендерінен ойдағыдай өтті. Соғысты Прагада аяқтады.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 23-қыркүйектегі Жарлығымен Т.М.Клименкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Совет Армиясы қатарында қалды.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 809қ., 1т., 182і.; 2866п қ., 3т., 367і.

Батырдың есімі Ұлан ауданы Украинка ауылындағы көшеге берілген.

Кеңес Одағының Батыры, 6-шы атқыштар дивизиясының 10-шы атқыштар полкінің атқыштар батальонының командирі. Мәскеу қорғанысына, Сталинград түбіндегі шайқастарға, Орловск-Курск доғасына, Польшаны азат етуге қатысқан. Ленин, І дәрежелі Отан соғысы, екі рет Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу