Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1910 жылы Украинада дүниеге келген. 1947 жылдаң бастап Өскемен қаласында тұрған.
Майданда 1942 жылдан бастап болған. Донда соғысып, Днепрден өткен, Карпатта шайқасқан. 1943 жылдың күзінде П. Миллердің басқаруындағы танкіге қарсы қолданатын қарушылар взводы жаудың басым күшімен шайқасқа түсті. Олар жаудың назарын өздеріне аудара отырып, оның екі атыс нүктесін жойды, сөйтіп батальонның өзеннен өтуін женілдетті.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10 – қаңтардағы Жарлығымен П.К. Миллерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 35і.; 809қ., 1т., 189і.
Батырдың есімі Өскемен қаласындағы көшеге берілген.
Кеңес Одағының Батыры, Воронеж майданының 38-ші армиясының 167-ші атқыштар дивизиясының 465-ші атқыштар полкінің танкке қарсы мылтықтар есебінің командирі. Днепрден өту кезінде көзге түсті. Ленин орденімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.