Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Молдағалиев Жанғазы Әкімұлы
(1917 - 1943)

1917 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданының Бестамақ ауылында дүниеге келген.
Майданда 1941 жылдаң бастап болған. 120 - шы гвардиялық атқыштар полкінің рота командирі, лейтенант Молдағалиев 1943 жылдың қазан айында Днепропетровск қаласының тұсында алғашқылардың қатарында Днепрден өтті. Оң жағаға жетісімен жауынгерлерді атакаға көтеріп, дұшпанды корғанысшебінен куып шықты, сөйтіп плацдармды алуды қамтамасыз етті. 1943 жылғы қарашадағы ұрыста өз денесімен жау дзотын жауып, қаза тапты.
Ленин және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 19 – наурыздағы Жарлығымен Ж.Ә. Молдағалиевке қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Батырдың елінде ескерткіш орнатылған, есімі Семейдегі көшеге және ол жерленген Елизаровка кентіндегі мектепке берілген.

Шығыс Қазақстан облысы Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының қоры, ағымдағы мұрағат

Батырдың аты:
- Семей қ. көше;
- Абай ауданы Тоқтамыс ауылындағы мектеп.

Кеңес Одағының Батыры, лейтенант, 39-шы атқыштар дивизиясының 120-шы атқыштар полкінің атқыштар ротасының командирі. Днепрден өту кезінде көзге түсті. Ленин орденімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу